Жұмбақ өлім! Алматыдағы №18 тергеу изоляторында жас жігіт жұмбақ жағдайда көз жұмды. Абақтыдағы дәрігерлер азаматтың уколдан кейін жағдайы нашарлағанын айтты. Ал марқұмның туыстары мұнымен келіскісі жоқ. Өйткені, мәйітте көгерген іздер бар болып шықты. Ал оның денсаулығында бұрын ешқандай кінәрат болмаған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Мынау марқұм Еркебұлан Нқрмыхановтың соңғы видеосы екен. Туыстарының қуанышында ана туралы ән айтып отырған ол, сол күйі анасын көре алмай кеткен. 14 қарашада екі айға қамауға алынған жас жігіт, 16 қаңтарда шығау тиіс болыпты. Алайда белгісіз жағдайда тергеу изоляторында көз жұмған. Әкесі 4 күн бұрын ғана баласын көріпті, денсаулығына шағымданбаған екен. Туыстары марқұмның денесінде соққының іздері бар екенін айтады.
РУСЛАН БАЙЖІГІТОВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ: » Ұрып жіберді ма, көтеріп құлатып тастады ма, білмеймін. Түрінде ештеңе жоқ. Денесі сарапина, иық жағы жырылып қалған. Құлақ жағы көгеріп тұр. Смертный принаки дейді».
Жақындарының айтуынша, Еркебұлан Ақжар елді мекенінде бойжеткенге араша түскен көрінеді. Өзге ауданнан келген жітттер арасында ерегіс туындап, туындап арты төбелеске ұласқан екен. Оқиға шілде айында болыпты. Ал, полицейлер оны қараша айында қамауға алыпты. Мынадай себепппен…
ЖАРЛЫҒАПБЕК БАЙШВАКОВ, МАРӨҚМ ЕРКЕБҰЛАН НҰРМЫХАНОВТЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:
«Біз сот пен прокуратураға оны кепілмен босату туралы өтініш бергенбіз. Бірақ қанағаттандырмады. Бірақ, процесуалдық кемшіліктер орын алғандықтан іс қайта тергеуге жіберілген. Ол қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген болатын».
Тепргеу изоляторының дәрігерлері Еркебұланның қызуы көтерілгендіктен оға дәрі салыпты. Онда кейін жағдайы нашарлап, жедел жәрдем келгенше көз жұмыпты. Қылмыстық атқару департаментіндегілер оның денесаулығында кінәрат болғанын айтады.
«Осы жылдың 14 қаңтарында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторында қамауға отырған жігіт кенеттен көз жұмды. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, оның өліміне өкпе-жүрек жетіспеушілігі себеп болған. Денесінен азаптап өлтірудің белгілері табылмады. Бұл факті бойынша тексеру жүріп жатыр».
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ресми хабарламасы
Алайда бұл уәжбен туыстары мүлдем келіспейді. Балаларының өлімінде бір шикіліктің барына сенімді. Ал, Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жас жігіттің өлімі қылмыстық іс ретінде тіркелгенін мәлім етті. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық ісқозғалып тергеу амалдары қолға алынған.
newstaraz.kz