Новости на Newstaraz.

Жемқорлықпен ұсталған Қостанай әкімінің қымбат көліктері ұшты-күйлі жоғалып кетті

0 6

Ахмедбек Ахметжанов. Фото: kstnews.kz

Ғайып болған көліктер. Қостанай қаласының экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың автокөліктеріне іздеу салынды. Сот шешімімен тәркіленуге тиіс темір тұлпарлардың қайда екені белгісіз.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Ал оның екі қабатты зәулім үйі қалалық әкімдіктің еншісіне берілген. Баспана әзірге бос тұр.

Жемқорлыққа жол беріп, он үш жылға бас бостандығынан айрылған экс-әкімнің дүние-мүлкі түгел тәркіленген болатын. Алайда, қымбат автокөліктердің қалайша ізім-қайым болғаны түсініксіз. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тек жалғыз көлік-құралы жеткізілген.

«БМВ Х-6, Лексус РХ 300, 350, фольксваген секілді төрт-бес көлік бар. Бірақ бүгінгі таңда ол қымбат көліктер біздің департаментке өткізілген жоқ. Сот орндаушылар іздестіру іс-шараларын өткізуде. Қалай біздің теңгерімге беріледі, солай жаңағы тәртіпті сақтай отырып, бірінші мемлекеттік мекемелерге ұсынамыз», -дейді  Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының міндетін атқарушы Айбек Ғалымжанов.

Құны қымбат көліктерді қазір қайда және кім тізгіндеп жүр деген сұраққа сот орындаушылары да жауап бере алмай отыр. Ал экс-шендінің зәулім сарайына қатысты шаһар билігі ақпарат беруден бас тартты. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменітінің өкілдері екі қабатты үйдің қалалық әкімдіктің балансына берілгенін айтады.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметіне сәйкес, бұрынғы әкімнің иелігінде 2 мейрамхана мен 1 сауда үйі болған. Қаланың қақ ортасындағы «Метрополь» мейрамханасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының еншісіне беріліпті

Ал, Тобылдың жағасындағы «Алтын саф» тойханасы бір миллионнан астам АҚШ долларына сатылмақ. Тағы бір сауда орталығы 87 миллион теңгеге бағаланды. Қос ғимарат желтоқсанда аукционға шығарылады.

Получайте обновления в реальном времени прямо на вашем устройстве, подписаться прямо сейчас.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.