Жолаушы пойыздары Өзбекстаннан Ресейге 23 маусымда жолға шығады
Источник: 365info.kz
Өзбекстан мен Ресей арасында қатынайтын жолаушы пойыздары 23 маусымнан бастап жолға шығады. Бұның алдында пойыздар 14 маусымда жүреді деп хабарланған, бірақ «Өзбекстан темір жолдары» бұны жоққа шығарды.
Өзбекстан мен Ресей жолаушы пойыздары қатынасын маусым айының аяғында іске қосады, деп хабарлады «Ресей темір жолдары».
Әуелі «Өзбекстан темір жолдарының» екі халықаралық пойызы жолға шығады:
23 маусымнан бастап — «Ташкент — Самара» (№5/6) пойызы, алдын ала мәлімет бойынша, ол Ташкенттен бейсенбі күндері, Самарадан жексенбі күндері қозғалады;
25 маусымнан бастап — «Ташкент — Волгоград» (№323/324) пойызы, Ташкенттен сенбі күндері, Волгоградтан сейсенбі күндері қозғалады.
«Өзбекстан темір жолдарының» хабарлауынша, жолаушы пойыздары қатынайтын күндер келісілген соң жолаушыларға қосымша хабарланады.
Ресей Өзбекстан азаматтары үшін темір жолдағы шектеулерді 14 маусымнан бастап алып тастайды.
newstaraz.kz