Новости на Newstaraz.

Өзі туралы бағдарлама түсіруге рұқсат бермеген Бүркіттің анасы елді тәнті етті

newstaraz.kz

Танымал ақын, әнші Бүркіттің анасы Айша Көпжасарованың адамгершілігі туралы ел арасында көптеген жақсы әңгімелер бар. Алайда ақын бола тұра, өзі туралы бағдарлама түсіруге қарсы болған Бүркіттің анасы көпшілікті қарапайымдылығымен тәнті етті.

Айша Көпжасарова қызы, келіні және немерелерімен

Бұл туралы журналист Ғалия Шәудірбаева өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Дара жол» хабарына қонақ іздеп Бүркіттің анасына хабарласуды жөн көрдік. Айша Көпжасарова — ақын. Ұлы Бүркіттің өзі анасының өлеңіне жазылған қаншама әндерін орындайды.

Ұялы телефонына қоңырау шалдым.

— Алло, Айша әпке. Сәлеметсіз бе? Астанадан «Қазақстан» арнасынан хабарласып отырмын. Ғалия деген сіңіліңіз

— Аман ба, айналайын?

Похожие статьи

— Аман-есен. Айша апай, сіздің шығармашылығыңызға қанықпыз. «Дара жол» хабарына қонақ етіп шақырайық деп ек.

Күлді апай…

Айша Көпжасарова немересі Әсел Асқармен

— Е, қарағым. Шақырғандарыңа мың алғыс. Бірақ мен халқым үшін әлі көп іс тындырмадым ғой. Мен облыс деңгейінде ғана танымалмын. Сондықтан әлі дара тұлғалар көп қой. Сол кісілерді түсірсеңіздер де ризамын, жарығым…

Осылайша Айша апай екеуміздің әңгімеміз аяқталды. Иә, осындай қарапайымдылықтың артында ұлылық жатыр ғой!

Бүркіт, анаңыз аман болсын, жасай берсін!», — деп жазды ол.

Nur.kz

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »