Новости на Newstaraz.

Қырғыз президентінің баспасөз хатшысы «фейк-фабрикаға» қатысты пікір білдірді

newstaraz.kz

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің басшысы Дайырбек Орунбеков Checkit Media зерттеген материалға қатысты пікір білдірді.

Checkit Media-ның YouTube каналында 20 маусымда «Президент фейктердің көмегіне зәру ме?» деген зерттеу материал жарық көрді. Онда Ұлттық телерадио корпорациясының қызметкерлері фейк аккаунттармен әлеуметтік желілерде пікір қалдырумен айналысатыны айтылған.

Дайырбек Орунбеков бұл материалды жалған деп атады. «Мен қарап шықтым. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Мұны зерттеген бір топ журналистердің өзі сөз еркіндігі мен журналистика этикасын бұзып отыр. Екіншіден, олар ұлттық телеарна журналистерінің құқығын бұзып жатыр, оларды «троллдер» деп атап. Мен бұл материалды өсек сөзге сеніп, жала жабу деп бағалаймын», – деді ол.

Ұлттық телерадио компаниясы ресми мәлімдеме жасап, бұл зерттеудің шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

Зерттеу материалда былтыр қараша айынан бастап Ұлттық арна ішінде арнайы бөлім құрылғанын, онда жұмыс істейтіндер әлеуметтік желілерде президентті мақтап-мадақтаумен айналысатыны айтылған. Керісінше оппозиция өкілдеріне сын пікірлер жазып отыруы тиіс.

Checkit Media жазуынша, бұл бөлімді тікелей Дайырбек Орунбеков бақылап отырады.

2020 жылы «Клооп» басылымы да «троллдер фабрикасы» туралы зерттеу жариялап, Дайырбек Орунбековтің Кеден қызметінің бұрынғы төраға орынбасары Райымбек Матраимовті қолдауға арналған фейк-фермамен тікелей қатысы барын анықтаған.

Checkit Media платформасы биыл ақпан айында фейктарға қарсы күрес мақсатында құрылған. Онда Factcheck.kg, «ПолитКлиника», T-Media.kg, «Апрель ТВ», Bulak.kg, Mediahub және «Баштан Башта» редакциялары жұмыс істейді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »