Новости на Newstaraz.

Қырғызстан мен Қытай шекарасында үшінші бақылау-өткізу бекеті ашылуы мүмкін

newstaraz.kz

Қырғыз-қытай шекарасында тағы бір бақылау-өткізу бекеті ашылуы мүмкін. Мәліметтерге қарағанда, қырғыз үкіметі басшысының орынбасары Бақыт Торобаев пен Қытайдың Қырғызстандағы елшісі Ду Дэвэнь «Бедел» бақылау-өткізу бекетін ашу мәселелерін талқылаған.

Үкіметтің баспасөз қызметі шекарадағы жаңа бекет туралы ештеңе хабарламады. Алайда бұл бекеттің Ыстықкөл облысындағы Бедел асуында орналасатыны мәлім. Бедел асуы арқылы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданына өтуге болады.

Қазір қырғыз-қытай шекарасында екі бақылау-өткізу бекеті жұмыс істеп тұр — «Торугарт-автожол» мен «Иркештам-автожол».

Ресми мәліметке қарағанда, Торобаев пен Дэвэнь Ыстықкөл облысындағы Сары-Жаз өзенінде су электр станциясын салу мәселесін де талқылаған.

Жогорку Кеңештің 3 мамырдағы отырысында Қырғызстан сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Қырғызстан Қытаймен визасыз жүйе енгізу мәселесін талқылап жатыр деп мәлімдеген. Көрші Қазақстан жақында Қытаймен осындай келісімге қол қояды деп жоспарланған.

Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылған Қытай сыртқы саясаттағы «Бір белдеу — бір жол» бастамасының көмегімен өзінің Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен шекаралас Шыңжаң провинциясындағы жағдайды реттеуге тырысып жатыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »