Новости на Newstaraz.

Қырғызстан президенті алғашқы ресми сапарын Ресейден бастады

newstaraz.kz

24 ақпанда Қырғызстанның мемлекет басшысы Садыр Жапаров алғашқы ресми сапармен Ресейге кетті.

Сапар барысында Садыр Жапаров Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері мен даму болашағын талқылайды.

Сонымен бірге Жапаров орыс үкімет басшысы Михаил Мишустин, Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко және Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володинмен кездеседі.

Президентпен еріп барған ресми делегацияның құрамында Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев, президент аппаратының жетекшісі Сүйүнбек Касмамбетов, 1-вице-премьер-министр Артем Новиков, вице-премьер-министр Улан Кармышаков және өзге үкімет мүшелері, Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Гүлнара-Клара Самат, Бішкек қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бактыбек Кудайбергенов бар.

Сапар барысында Қырғызстанға берілетін вакцина, гранттық көмек және жеңілдетілген 100 млн доллар несие алу, жана-жағармай, темір жол және ұшақ қатынастары бойынша келіссөз болатыны хабарланған.

Садыр Жапаров Қырғызстан президенті болып 10 қаңтарда сайланған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »