Қырғызстанда мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлерінің жалақысы өсті
1 тамыздан бастап Қырғызстанда мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлерінің айлығы көтерілді. Президент Садыр Жапаров осындай жарлыққа қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, министрліктерде, жергілікті мемлекеттік әкімшіліктерде, мемлекеттік органдардың аймақтардағы бөлімшелерінде, әкімдіктер мен айыл аймақтарда жұмыс істейтіндердің жалақысы өсті.
Президент әкімшілігінің мәліметінше, аталған мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің айлығы 86,4%-дан 151,3%-ға дейін көтерілген.
Мәселен, министрліктердегі бас маман 1 тамызға дейін 21 мың сом (шамамен 250 доллар) алса, енді оның айлығы 49 мың болады.
Нақты қанша адамның жалақысы көтерілгені, осы мақсатқа қанша қаражат бөлінгені хабарланбады.
newstaraz.kz