Новости на Newstaraz.

Қытай басшысы Си Цзиньпин бүгін Мәскеуге барады

newstaraz.kz

20 наурызда ҚХР төрағасы және Қытай компартиясының басшысы Си Цзиньпин ресми сапармен Мәскеуге барады. Бұл оның Украинадағы соғыс басталғалы бері Мәскеуге алғашқы сапары болмақ.

Сапар қарсаңында Ресей президенті Владимир Путин Қытайдың ірі «Жэньминь жибао» басылымына «Ресей мен Қытай – болашаққа ұмтылған әріптестік» деп аталатын мақала жариялады. Орыс тіліндегі материал Кремль сайтына да ілінді. Онда Путин Мәскеуде болатын келіссөздерден «зор үміт күтетінін» жазған. «Мен үшін бұл мейрімді ескі досыммен жүздесудің керемет мүмкіндігі болмақ», — дейді Путин. Оның пікірінше, «нағыз дос – туған бауыр секілді».

Қытай басшысы Ресейге баратыны 17 наурызда мәлім болды. Ол Мәскеуде 22 наурызға дейін болады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Мәскеудегі келіссөздерде екі ел арасындағы әскери-техникалық әріптестік мәселелері талқыланады. Келіссөздерге Ресей жағынан қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен әскери-техникалық әріптестік жөніндегі федералдық қызмет басшысы Дмитрий Шугаев қатысады. «Әлбетте, Украинадағы жанжал да сөз болады», — деп мәлімдеді Ушаков.

Бұның алдында батыс баспасөзі Қытай Ресейге қару жеткізу мүмкіндігін қарастырады деп жазған. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ақпанда Ресейге қару берген жағдайда Пекин соның салдарын тартады деп ескерткен. Қытай Ресейге қару беру жоспарын жоққа шығарған.

Кейінгі күндері Кремль жағындағы телеграм-арналар бұл сапарға ерекше мән беріп, Қытай краинамен соғыста және Батыспен теке-тіресте Ресейге қолдау көрсетеді деп топшылаған.

Алайда Пекин мұндай қолдауға дәлел болатындай ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Жұма күні Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Путинді ұстауға ордер берді. Қытай да, Ресей де бұл соттың шешімін мойындамайды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »