Новости на Newstaraz.

Өзбек мүфтияты қажылыққа турагенттіктер арқылы барғандарға айыппұл салынатынын ескертті

newstaraz.kz

Қажылық ұйымдастыру туристік компаниялар немесе агенттіктер құзыретіне кірмейді. Ал Сауд Арабиясына солардың көмегімен баратындарға санкция салынады. Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы мен үкіметтің дін істері жөніндегі комитеті осылай деп хабарлады.

Діни мекемелердің мұндай мәлімдемесі әлеуметтік желілерде қажылық ұйымдастыру қызметі туралы жарнамалар көбейіп кеткен тұста жарияланып отыр.

Комитет мәліметінше, үкіметтің 2017 жылғы 7 маусымдағы №364 қаулысына сәйкес, қажылық пен кіші қажылық ұйымдастыру ісі үкіметтің дін істері жөніндегі комитеті мен Өзбекстан мұсылмандары басқармасына жүктелген.

«Сауд Арабиясы заңманаларына сәйкес, қажылық әлем елдерінің құзырлы ұйымдары мен осы елдің қажылық және кіші қажылық жөніндегі министрлігі арасындағы келісім-шарт негізінде жүзеге асады. Сауд Арабиясы аумағына қажылық жасау тәртібін бұзғандарға осы елдің заңманалары негізінде жаза қолданылады. Оларға Мина, Арафат және Мұздалифа алқаптарында дұға оқуға рұқсат берілмейді, сөйтіп қажылықтың негізгі шарттарын орындай алмайды», — деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Комитет мәліметінше, «заңсыз қажылық өтеушілер» Сауд Арабиясынан депортацияланады, оларға 10 жыл бойы осы елге кіруге тыйым салынады, сонымен бірге 100 000 сауд риалы (26 мың доллар) көлемінде айыппұл салынады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »