Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда мектептің бұрынғы директоры 2 мың жыл болған қазанды тұрмыста пайдаланған

newstaraz.kz

Өзбекстанның Самарқан облысында көне Жетісу оазисіндегі көшпелі тайпаларға тиесілі болған қола қазан табылды. Б.з.д 2-1 ғасырларда дайындалған артефакт тұрмыста қолданылған. Бұл жөнінде Өзбекстан мәдени мұра агенттігіне сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

Қазанды 1993 жылы Пайарық ауданының тұрғыны, сол кезде мектеп директоры болған Анвар Шогродов арық қазып жатқан кезде тапқан. Табылған ыдыстың биіктігі – 37 см, диаметрі – 52 сантиметр.

Пайарық аумағында бұған дейін тас ғасырындағы бұйымдар мен суреттер табылған. Ғалымдардың болжамынша, беріректе қола қазанды скифтер тобына кіретін ирантілді жартылай көшпелі сақтар пайдаланған.

Өзбекстан мәдени мұра агенттігі хабарламасында қола қазандар солтүстік Қытайдан бастап Дунайға дейін барлық өңірде табылғанын атап өткен. Мұндай қазандарды көшпелі тайпа өкілдері сұйық азық және масайтатын ішімдік сақтау үшін, ет асу үшін пайдаланған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »