Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда науқастың туысы дәрігердің көзін шығарды

Өзбекстанның Наманган облысы Учкурган аудандық ауруханасының кезекші хирургына науқастың бір туысы шабуылдап, оның көзін шығарған.

Оқиға куәгерінің айтуынша, жанжал 2 қаңтарда кешке болған.

«Сол күні ауруханаға түскен баланың бір туысы жанжал шығарды. Әріптесім Одилжон оның ашуын басуға тырысып, далаға алып кеткен. Бірақ ол дәрігердің оң көзінен ұрған. Соның салдарынан дәрігердің оң көзінің қарашығы жарылып кетті» деді аурухана қызметкері.

Хирургтың оң көзі көрмей қалған.

Наманган прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Дәрігерге шабуылдаған 30 жастағы жігіт қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

centralasian.org

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »