Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда орташа айлыққа жеке емханада 1,5 күнге ғана емделуге болады

newstaraz.kz

Өзбекстанның мемлекеттік ковид-орталықтарында бір күндік емделудің бағасы 400 мың сум (40 долларға жақын) болса, жеке ауруханаларда емделудің бағасы 2,7 миллион сумға (250 доллар) жетеді. Бұл туралы коронавирустан емделіп шыққан науқастардың туыстары айтты.

«Былтыр күзде әкем коронавирус жұқтырып алып, қатты ауырған. Оны жеке ауруханаға алып барып, жансақтау бөліміне жатқызуға тура келді. Тәулігіне 500 доллар төледік. Бұдан бөлек қымбат дәрілер үшін тағы бірнеше мың доллар жұмсадық. Атам 20 күн жатты. Біз қарызға баттық», — дейді Ташкент тұрғыны.

2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында Өзбекстанда орташа айлық 2,971 миллион сум (280 доллар) болды.

Бұл мәліметте өлкедегі бірнеше жеке аурухананың қызметкерлері де растады.

«Палатада бір тәулікке емделу үшін 1,5 миллион сум (140 доллар), жансақтау бөлімінде жатуға — 2 миллионнан 4 миллион сумға дейін (190-375 доллар) төлеуге тура келеді», — деді Юнусабад медициналық орталықтың қызметкері.

AKFA Medline жеке аурухананың қызметкері күндізгі бөлімде емделу үшін 1 миллион 700 мың сумнан 2 миллион 700 мың сумға дейін (160-250 доллар) төлеу керек екенін білдірді.

Былтыр наурыз айында ел президенті Шавкат Мирзияев жеке ауруханаларға коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге рұқсат беру жөнінде жарлық шығарған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанда соңғы тәулікте 856 адамға коронавирус жұғып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 137 491 адамға жеткен.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »