Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда пединститут студенттері жатақхана бөлмесінде жасырын камера бар екенін білді

newstaraz.kz

Қоқан пединститутының студенттері жатақхана бөлмесіне жасырын камера орнатылғанын анықтады. Студент қыздардың айтуынша, институт басшылығы оларды милицияға шағымданды, «институт мүлкін» бүлдірді деп айыптаған.

Жатақханада тұратын студенттердің Kun.uz басылымына хабарлауынша, 1 сәуірде оларды референдумға қатысты үгіт-насихат шарасынан шұғыл шақыртып алып, бөлмені ашып беруін сұрап, «Wi-Fi қуатын күшейтетін құрылғы орнатылады» деген.

Содан күдіктенген қыздар бөлменің жоғарғы бір бұрышына орнатылған құрылғыны ашып көріп, оның ішінде «кішкентай жасырын камера объективі» бар екенін білген.

Студенттер құрылғыны мамандарға көрсеткен. Олар мұның дыбыс пен видео жазатын, мәліметтерді желі арқылы басқа бір құрылғыға жеткізіп отыратын құрылғы екенін растаған. Соның көмегімен студент қыздардың бөлмесін онлайн бақылап отырған, деп жазды басылым.

Карта жадында 128 Гб мәлімет жиналған. Бөлмедегі қыздардың киім ауыстырғаны да видеоға жазылған.

Студенттер ішкі істер органдарына арызданып, президенттің халықты қабылдауына өтініш жолдаған. Содан кейін институт проректоры қыздарды милицияға арызданғаны үшін сөккен. Ал ректор студенттерді институт «мүлкін бүлдірді» деп айыптаған.

Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігінің баспасөз қызметі студент қыздардың бөлмесіне шынымен жасырын камера орнатылғанын растады. Министрлік өкілінің хабарлауынша, осы оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр, кінәлілер жазаланады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »