Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда референдум өтті деп жарияланды

newstaraz.kz

Өзбекстанда Конституцияны өзгерту бойынша референдум аяқталды.

Негізгі заңның жаңа редакциясына сәйкес, президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға дейін ұзартылады. Нәтижесінде қазіргі президент Шавкат Мирзияев билікте 2040 жылға дейін отыруы мүмкін.

65 жастағы Мирзияевтің осыған дейінгі президенттік мерзімі жоққа шығарылып, тағы екі мерзімге сайлана алады әрі құзыреті кеңейеді.

Құжаттың жаңа редакциясында мемлекет азаматтарға ең төменгі жалақы, тұрақты мекен-жай және медициналық көмек, сонымен бірге интернетпен қамтамасыз етуге міндетті. Өлім жазасына тыйым салынады.

Алдын ала жарияланған референдум нәтижесіне сәйкес, дауыс берушілердің 80 пайызы қатысқан.

Дауыс беру кезінде заң бұзушылықтар болмағаны айтылды.

Gazeta.uz сайты бір адам отбасының басқа мүшелері үшін де бюллетень тастағанын, бірқатар университет студенттері дауыс бергенін дәлелдеу үшін сайлау учаскесінде суретке түсіп, оқытушыларына жібергенін хабарлады. Сонымен бірге дауыс бергендерге тегін тамақ таратылғаны туралы да мәлімет тарады.

2016 жылы президент болған Мирзияев 2021 жылдың қараша айында екінші мерзімге сайланды. Оның соңғы мерзімі 2026 жылы аяқталуы керек болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »