Өзбекстанда «Юксалиш» қозғалысы азаптауды жоюға қатысты он ұсыныс айтты
Өзбекстанда «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы құқық қорғау органдарында азаптауды жоюға қатысты он ұсыныс айтты.
- Ең әуелі ішкі істер министрлігінің басшылығы қоғамға кейінгі уақытта мәлім болған азаптау оқиғалары туралы мәлімет беріп, жүйедегі азаптауды жоюды көздейтін нақты жоспар жариялауы тиіс.
- ІІМ басшылығының азаптау оқиғалары туралы қоғамға мәлімет беру тәжірибесін енгізу.
- Қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған азаматқа өзінің құқықтары туралы қарапайым сөздермен түсіндіру тәжіриебсін енгізу.
- Ұсталған күдіктінің прокурормен тез арада кездесу құқығын заңда қарастыру.
- Ұсталғандар туралы онлайн-база құру, олардың қайда отырғанын туыстарынан, достарынан, қоғамдық ұйымдардан жасырмау;
- Күдікті ұсталған уақытта «Миранда ережесін» қолдануды қарастыратын заң жобасын тез арада парламентке ұсыну.
- Қоғам өкілдерінің уақытқа тергеу изоляторларын, ішкі істер органдары күдіктіні қамауда ұстайтын орындарды аралауына рұқсат беретін механизм дайындау.
- Ішкі істер органдары қызметкерлерін іріктеу, дайындау және қайта дайындау жүйесін қайта қарау.
- Әрбір мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру, оларға қамаудағылармен кездесуге құзырет беру.
- Азаптау жөніндегі істер бойынша ашық және көшпелі сот отырыстарын ұйымдастыру. Соттарды ақпарат құралдары арқылы тікелей көрсету.
ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар әзірге қозғалыс ұсыныстарына қатысты пікір айтпады. Еске салайық, 5 маусымда Ташкент облысы Букин аудандық ішкі істер бөлімінде бір күдіктінің азапталып, соның салдарынан қайтыс болды. Милицияның екі қызметкері ұсталып, бөлім басшылары жұмыстан шығарылды.