Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда «Юксалиш» қозғалысы азаптауды жоюға қатысты он ұсыныс айтты

newstaraz.kz

Өзбекстанда «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы құқық қорғау органдарында азаптауды жоюға қатысты он ұсыныс айтты.

  1. Ең әуелі ішкі істер министрлігінің басшылығы қоғамға кейінгі уақытта мәлім болған азаптау оқиғалары туралы мәлімет беріп, жүйедегі азаптауды жоюды көздейтін нақты жоспар жариялауы тиіс.
  2. ІІМ басшылығының азаптау оқиғалары туралы қоғамға мәлімет беру тәжірибесін енгізу.
  3. Қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған азаматқа өзінің құқықтары туралы қарапайым сөздермен түсіндіру тәжіриебсін енгізу.
  4. Ұсталған күдіктінің прокурормен тез арада кездесу құқығын заңда қарастыру.
  5. Ұсталғандар туралы онлайн-база құру, олардың қайда отырғанын туыстарынан, достарынан, қоғамдық ұйымдардан жасырмау;
  6. Күдікті ұсталған уақытта «Миранда ережесін» қолдануды қарастыратын заң жобасын тез арада парламентке ұсыну.
  7. Қоғам өкілдерінің уақытқа тергеу изоляторларын, ішкі істер органдары күдіктіні қамауда ұстайтын орындарды аралауына рұқсат беретін механизм дайындау.
  8. Ішкі істер органдары қызметкерлерін іріктеу, дайындау және қайта дайындау жүйесін қайта қарау.
  9. Әрбір мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру, оларға қамаудағылармен кездесуге құзырет беру.
  10. Азаптау жөніндегі істер бойынша ашық және көшпелі сот отырыстарын ұйымдастыру. Соттарды ақпарат құралдары арқылы тікелей көрсету.

    ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар әзірге қозғалыс ұсыныстарына қатысты пікір айтпады. Еске салайық, 5 маусымда Ташкент облысы Букин аудандық ішкі істер бөлімінде бір күдіктінің азапталып, соның салдарынан қайтыс болды. Милицияның екі қызметкері ұсталып, бөлім басшылары жұмыстан шығарылды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »