Новости на Newstaraz.

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАНДАР КІМГЕ ӨКПЕЛІ?

newstaraz.kz

Ақтөбе облысына қараша жайсыз басталды. Қыс түспей жатып, жолдағы жағдай қиындады. Әсіресе, Самара-Шымкент бағытында. Үш тәуліктен беріж жол бойында коллапс. Жүздеген көлік діттеген жеріне жете алмай, кемпингтерде түнейтін орын болмай қалды. Қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Біз қазір «Самара-Шымкент» тасжолында тұрмыз. Дәл осы Қалыбай ауылының тұсында түнде 500-ге тарта көлік тұрып қалған. Жолға жауапты мекемелер көктайғақ болған соң қозғалысты шектеуге тұра келді деп отыр. Жолды бүгін таңертең сағат онда ашқан. Өздеріңіз көріп тұрғандай жүк , жеңіл көліктер әлі де коллонамен келе жатыр». Көктайғаққа тап болған көлік қарасының көптігі сондай, кемпингтердің өзінде түнде ине шаншар орын болмапты. Құтқару қызметтері жатын орындарын ұсындық дейді, бірақ кейбір жүргізушілер көлікте түнейтінін айтқан. Жалпы, Қалыбай ауылының тұсынан өткенде көп жүргізуші қорқа-соқтайды. 2018 жылы 52 Өзбекстан азаматы дәл осы маңда автобуста жанып кеткен болатын. АЗАМАТ КӘРІМОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ: «Осы Қалыбай деген жер бар ғой білмеймін қандай жер, әйтеуір, үнемі гололед, жолға қар жиналып, жолды жауып тастайды. » Діттеген жеріне жете алмай келе жатқандардың арасында шетелдіктер де бар екен. Кирилл Случников Беларусиядан Өзбекстанға құрал- жабдық тасиды. Тапсырыс берушілер тауарды дер кезінде жеткізбедің деп жан алқымнан алып жатыр деп қапалы. Жол мекемелері дұрыс жұмыс жасағанда бұлай кешікпес едім жеп өкпе-ренішін айтты. КИРИЛЛ СЛУЧНИКОВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ ((АУДАРМА: «Жолды тазалап, құм сеуіп тастау керек. Не көп, айналада құм көп қой. Меніңше, арнайы қызметтердің қателігі, олар дұрыс жұмыс істемейді». «Қазавтожол» мекемесі болса, өзімізге жүктелген міндеттің бәрін атқарып жолдағы жағдайды реттегендерін айтады. Көмек сұрағандарға дер кезінде бардық дейді. Жол тазалайтын техникаларын да жұмылдырған. Бір тәуліктің ішінде 60 көлікті қардан шығарған. Арасында автобус та бар. МАРАТ МАХАМБЕТОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Қазіргі жағдайда көліктер жүріп жатыр. Қар еріп жатыр. Мұздақтарды алып тастау, құм себу, жолды үлкейту жұмыстары жүріп жатыр. »

Төтенше жағдайлар қызметімен бірге трассадағы құтқару -медициналық бекеттері де күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. НҰРЖАН ШӘРІПОВ, ТРАССАДАҒЫ ҚҰТҚАРУ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ : «Екі ер адам МЧС-ке , 112-ге хабарласқан. Үсіп-тоңдық деп Машиналары оталмай қалған. Бізде реанимобиль бар. Жилетка, арнайы заттар бар. Жылытып, көмек көрсеттік». Самара-Шымкент бағытындағы жол ашылғанымен, төтенше жағдайлар қызметі жол бойындағы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Үш тәулік бойы қар құрсауында қалған аумақты тікұшақпен әуеден бақылады. Қауіпті аймақтарда департаменттің мамандары кезекшілік етуде.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »