Новости на Newstaraz.

Қарақалпақстанда есектер жерленген орын табылып, милиция асханаларды тексеріп жатыр

newstaraz.kz

Қарақалпақстандағы Элликқала ауданында есектер жерленген орын табылып, жергілікті құқық қорғау органдары асханалар мен ет дүкендерін тексеруге кірісті. Санитария-эпидемиология қызметі есек еті қоғамдық тамақтандыру орындарына түскен-түспегенін анықтайды.

Бірнеше күн бұрын жергілікті блогер Достон Болтаев Элликқала ауданында елуден астам есектің сүйегі жатқан орынды көрген. Болтаевтың хабарлауынша, кейін осы маңда тағы оннан астам есектің сүйегі табылған.

– Ол жерге есектің сүйегі мен ішек-қарнын тастаған. Еті мен терісі табылмады. Бір жерде кем дегенде 55 есектің сүйегі жатты. Есектің етін бұлар қайда өткізіп жүр? Есектерді хайуанаттар бағындағы аңдар үшін сойған дейін десек, мұнда сүйектері қалған, – дейді Достон Болтаев.

Элликқала ауданы ішкі істер басқармасы қызметкерінің айтуынша, ішкі істер органдары тексеру жүргізіп жатыр.

Бұрындары Өзбекстанның басқа да облыстарында есек сүйектері тасталған орындар табылған. Сол кезде есек етін шұжыққа, тамаққа қосқаны хабарланған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »