Новости на Newstaraz.

Қазақстандық дипломаттар АҚШ-та Бақытжан Төреғожинаға сыйлықты табыстау рәсіміне қатыспады

newstaraz.kz

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қазақстандық дипломаттардың не себептен құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға АҚШ мемлекеттік хатшысының «Батыл әйел» халықаралық сыйлығын табыстау рәсіміне қатыспағанын түсіндірді.

13 наурызда СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров сыйлықты табыстау рәсіміне Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаевтың шақырылғанын айтты.

«Дәл осы күні елші энергетика министрі бастаған қазақстандық делегаттармен бірге Хьюстон қаласында болды», — деді СІМ өкілі.

Ол америкалық қаулы мен Ақ үй ережесіне сәйкес шақырылған адамның орнына басқа адамның баруына болмайтынын түсіндірді.

«Әрине, біз үкіметтік емес ұйымдардың дамып, халықаралық дәрежеде сыйлық алып жатқанына қуанамыз. 2018 жылы бұл сыйлықты Айман Умарова алды, 2021 жылы Шахноза Хасанова Department of State Trafficking in Person Report Heroes Award сыйлығын иеленді», — деді СІМ өкілі.

Бүгінге дейін бұл марапат 80 елдің 180 азаматына табысталған. Марапаттау рәсімінен кейін сыйлық иегерлері «Халықаралық қонақтарға арналған лидерлік бағдарламасына» қатысады. Олар АҚШ-тың түрлі қаласында сол жақтағы әріптестерімен кездеседі.

Бақытжан Төреғожинадан бөлек, бұл марапатты 10 әйел иеленіп отыр. Олар Ауғанстан, Аргентина, Орталық Африка Республикасы, Коста-Рика, Эфиопия, Иордания, Малайзия, Моңғолия елдерінің өкілдері. «Батыл әйел» марапаты аясында Ирандағы наразылыққа қатысқан әйелдерге Мадлен Олбрайт сыйлығы берілді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »