Новости на Newstaraz.

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕГІ ТҮЙТКІЛ

newstaraz.kz

Елордадағы қоғамдық көлік төңірегіндегі қиындықтар әлі де азаймай тұр. 2014 жылы қыруар қаржыға орнатылған ақпараттандыру таблоларынан уақыт өтпей ақау шығып, шетінен сынып жатыр екен. Ол жерден жолаушылар автобустардың қанша уақытта келетінін бақылай алушы еді. Ал, оң жағалаудағы құрылғы жетпей қалған бөліктегі тұрғындар автобусты сағаттап күтеміз деп отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Күн суытқалы қаладағы халықтың басым бөлігі қатынайтын қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзарғаны жасырын емес. Діттеген жеріне жеткісі келген қарапайым халық аялдамаларда автобустарын сарыла күтеді екен. Тұрғындарға далада тоңып қалмас үшін орнатылған дәл мынадай ақпараттандыру таблолары да аязда жұмысынан ақау шығып, дұрыс мәлімет тарата алмай жатқан көрінеді.
Біз қазір Елордадағы әуежай маңындағы аялдамалардың бірінде тұрмыз. Мұнда көріп тұрғанымыздай электрондық таблолар орнатылған. Бұл жерде үш қана қоғамдық көлік қатынайды екен. Сондықтан, сәйкесінше жолаушылардың саны аз. Ал, кейбір қаланың оң жағалауындағы адам көп шоғырланған жерлерде электрондық таблолар орнатылмаған».

2014 жылдан бастап орнатыла бастаған осындай ақпараттық құрылғылар қаланың барлық бөлігіне жетпей қалған секілді. Мәселен, Нұр-Сұлтанда аппараттың 186-сы қойылыпты. Бір аптадан бері жұмыс істемей тұрғанын жолаушылар да растап отыр. Ашынған тұрғындар кейбір бағыттар экраннан жоғалып кететінін, тіпті таблолар аяздарда сөніп қалатынын жеткізді.

«Біз енді, көбінесе 53-ке мінеміз Көк базардан жұмысқа. Қояндыдан келеміз. 307-мен келген кезде 53 болсын 34 болсын жүріп кетіп қалады. Қашып кетеді ғой қарамай. Бұрын ақша болғанда айқайлап күтетін, қазір ақша жоққой оларға. Таксиге отырамыз амал жоқ. 500-1000 мың теңгеге қалаға жұмысқа кешігіп қалмау үшін».
«Ну да бывает долго 28 маршрут минут 20-25 минут ждем».
«Осы жерден отырдым 10 маршрутқа. Адам демалу мүмкін емес. Сумканы былай ұстап тұрдық».
«Кешке осы жерден кеткен кезде автобустар толық бәрі. Ал, енді электронды табло автобустарды дұрыс көрсете ма? Дұрыс көрсептейді. Көбінде көрсетпейді, сосын интернет арқылы қарайсың. Кейбіреулері, мүлде жоқ недоступен дейді. Мысалы мен қазір 60 автобусты күтіп тұрмын 15 минут өтті жоқ әлі».

Бұл жайтты жақсы білетін құрылғыларға жауапты компания өкілдері, ақау шыққанын растап отыр. Қиындық 14-қаңтарда басталыпты. Содан бері мамандар қаладағы барлық таблоларды тексеріп, жұмысын қалыпқа келтіріп жатқан көрінеді. Ал, оң жағалауда тұратын жолаушылар үшін қуанышты ақпар. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтанның дәл осы халық көп шоғырланған бөлігіне 110 ақпараттандыру таблосы қойылмақ.

НАУАТ АЗАНБАЕВА, «АСТАНА ЛРТ» ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Оларды күнделікті инженерлер қадағалап, бақылап отырады оның жұмысын. Ал, 14 қаңтардан бастап деректерді беру желісінің жұмысында іркілістер пайда болды. Сол іркілістерді анықтағаннан кейін, қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын уақытта осы жұмыстар аяқталатын болады. Енді, үшінші кезек бойынша бекітілгеннен кейін 110 ақпараттық табло орнатылатын болады. Ол әсіресе оң жағалауда орналасатын болады».

Одан бөлек, жолаушыларды толғандырып отырған мәселелер жетерлік. Бірі бағыттардың аздығына шағымданса, кейбір тұрғындар аялдамадағы қар уақытында тазаланбайтынын айтуда. Сәйкесінше, автобустар жол жиегіне тоқтап, авариялық жағдайларға әкелуі ықтимал. Бұл енді тазалықпен айналысатын мекемелердің жұмысы.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »