Новости на Newstaraz.

Қырғыз президенті министр Бейшенәлиев қызметін қайтару мүмкіндігін қарайды

newstaraz.kz

Қырғызстан денсаулық сақтау министрі қызметінен алынған Алымқадыр Бейшенәлиевтің қызметін қайтару-қайтармауға қатысты шешім келесі аптада қабылданады.

Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне президент Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Эрбол Сұлтанбаев хабарлады.

Бұның алдында Алымқадыр Бейшенәлиев президент қолдауымен жұмысқа қайта шығуға әзір екенін мәлімдеген. Оның адвокаты Кайсын Абакиров вакцина сатып алуға қатысты қозғалған іс қылмыс құрамы жоқтығына байланысты тоқтағанын хабарлаған. Дегенмен Бас прокуратура Бейшенәлиевқа қатысы бар тағы алты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Биыл маусым айының басында Бас прокуратура денсаулық министрі жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Құзырлы орган мәліметінше, вакцина сатып алуға бөлінген қаражат офшор аймағына шығарылған. Кейін Бейшенәлиевтің жеті түрлі қылмыстық іске қатысы бары мәлім болды.

4 маусымда президент Садыр Жапаров министр Алымқадыр Бейшенәлиевті қызметтен уақытша босатты. Ал 16 маусымда Бейшенәлиев үйқамаққа ауыстырылды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »