Новости на Newstaraz.

Қырғыз президенті жаңа жылда Құмтөрден алынатын табыс 300 млн долларға жететінін мәлімдеді

newstaraz.kz

Қырғызстан президенті «Құмтөр» кәсіпорнынан қаңтар айында 300 миллион долларға жуық таза табыс түседі деп мәлімдеді.

Садыр Жапаров бұл жайында 19 желтоқсанда Жалал-Абадта тұрғындармен кездесу кезінде айтты.

Мемлекет басшысы «Құмтөр» 100% Қырғызстанның қолында екенін, енді тек қол қою процедуралары ғана қалғанын, келер жылы айлық-зейнетақы көбейтіліп, бірқатар жобалар қаржыландырылады деді.

Кенде жылына 1 миллиард долларлық алтын қазылатынын айтқан Жапаров ол ақшаның жартысы компания шығынына жұмсалатынын, қалғаны таза кіріс екенін жеткізді. Ол сонымен бірге мамыр айынан бері түскен 200 миллион долларға жуық ақша «Құмтөрдің» есеп-шотында тұрғанын айтты:

«Құмтөрдің» ақшасын Құдай бұйырса, Жаңа жылдан кейін көреміз. 300 миллион доллармен қаңтар айына кіреміз. 30 жыл тарихта мұндай болмады. Осының бәрін зауыт-фабрика салуға, диқандарға несие беруге, жол жөндеуге жұмсаймыз. 1 сәуірден бастап еңбекақыны көбейтеміз. Мұғалім, дәрігер, милиция және әскери қызметкерлердің айлығын көтереміз».

Канадалық “Центерра” компаниясы басқарып келген «Құмтөрді» қырғыз үкіметі биыл мамыр айында өз бақылауына алған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »