Новости на Newstaraz.

Қырғыз-тәжік шекарасында оқ атылды

newstaraz.kz

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 16 желтоқсанда қырғыз-тәжік шекара аймағында оқ атылған оқиға тіркегенін хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Қырғызстан азаматтары Баткен ауданы Көчө-Бою аймағында құрылыс істерін жүргізе бастаған. Ол жерге тәжік шекарашылары барып, құрылысты тоқтатуды талап еткен. Олар «Макаров» үлгісіндегі тапаншадан төрт рет көкке оқ атқан.

Екі өлкенің жергілікті шекара қызметінің өкілдері оқиға бойынша жолықты. Арнайы қызмет қырғыз азаматтары шекараға өте жақын емес, Көчө-Бою ауылының ішінде құрылыс жүргізіп жатқанын айтып, тәжік тараптың қару қолданғаны дұрыс болмағанын жеткізді.

Тәжікстанның шекара қызметі оқ атқан сарбазына шара қолданатынын хабарлап, екі тарап кездесіп, келіссөз жүргізуге келісті.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі қазір шекара аймағында тыныш екенін айтады.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы белгіленбеген аймақта тез-тез жанжал шығып тұрады. 2021 жылдың жазында қарулы қақтығыста екі тараптан ондаған тұрғындар, әскерлер көз жұмған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »