Новости на Newstaraz.

Қырғыз-тәжік шекарасында оқушылар соққыға жығылды

newstaraz.kz

Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара аймағында мектеп оқушылары арасында келіспеушілік туып, төрт қырғыз оқушысы жарақат алған. Бұл жөнінде Баткен ауданының әкімі Учкун Жоробаев хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, оқиға 23 қыркүйекте сағат 13:00 шамасында Баткен ауданы Көк-Таш ауылының Дахма деген жерінде болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша қырғызстандық 8 сыныптың төрт оқушысы мектептен қайтып келе жатқанда Тәжікстанның 11 сыныбының 30-ға жуық оқушысы қырғыз балаларын ұрып кеткен. Оқушыларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген. Қазір жағдайы жақсы», — дейді Жоробаев.

Осы оқиғадан кейін Баткен ауданының әкімі, арнайы қызмет өкілдері Тәжікстанның Исфара ауданы басшысымен және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездескен. Нәтижесінде екі тарап тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізуге және тәртіп бұзғандарды заңға сәйкес жазалауға келіскен.

Бұл оқиға бойынша Тәжікстан әлі ресми түсініктеме бермеді.

Соңғы уақытта Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы маңында жанжалдар жиілеп кетті. Биыл көктемде шекара маңындағы елді-мекенде қарулы қақтығыс болып, Қырғызстан тараптан 36 адам қайтыс болып, 180-нен астам адам жарақат алған. Тәжікстан 19 адам қайтыс болып, 87-сі жарақат алды деп хабарлаған. Осыдан кейін Қырғызстан біржақты шекарасын жапқан. Содан бері әлі ашылмады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »