Новости на Newstaraz.

Қырғызстан мен Тәжікстан су ресурстарын бірлесіп пайдалануды қайта бастамақ

newstaraz.kz

Шолпан ата қаласында Қырғызстан және Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмонның жеке кездесулері өтті. Бұл жөнінде қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар екі ел арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялау бойынша бірлескен комиссия жұмысын тездету жөнінде келіскен.

«Екі елдің лидерлері сонымен бірге трансшекаралық көлдердің суын бірлесіп әрі тиімді пайдалану жөнінде келісті», — делінген хабарламада.

Консультативтік кездесу кезінде Садыр Жапаров су ресурстарын жинау және сақтауда Қырғызстан лайықты өтеуін ала алмай келеді деген. Ол Орталық Азия елдері президенттеріне су және энергетика ресурстарына байланысты қарым-қатынасты қайта жандандыруды ұсынған.

«Біз 1998 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері қол қойған «Нарын-Сырдария өзендерінің су-энергетика ресурстарын бірлесіп пайдалану жөніндегі» келісімді қайта жандандыруды ұсынамыз», — деді Жапаров.

Ол сонымен бірге елінде салынғалы жатқан Гидро электр станция құрылысына Қазақстан мен Өзбекстанды инвестор болуға шақырды.

1998 жылғы келісімге сәйкес, Қырғызстанның су қоймасынан алынған су ресурстары үшін көрші елдер өтемақы төлеуге міндеттелген. Бірақ бұл келісімдегі ұсыныстар 2005 жылдан бері жүзеге аспай қалды.

Себебі, бұл мәселе бойынша Орталық Азия елдері түрлі көзқараста. Мысалы, өзендердің бастау көзі орналасқан Қырғызстан мен Тәжікстан суды тауар ретінде қарастыру керек деп есептесе, Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстары ортақ байлық деп келеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »