Новости на Newstaraz.

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесінде қате кеткенін мойындады

newstaraz.kz

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы 28 қарашада парламент сайлауы нәтижелерін есептеу кезінде сайтқа қате мәлімет жарияланғанын мойындады. ОСК мәлімдемесі 30 қарашада таратылды.

Комиссиядағылар АСУ дауыс беру жүйесі толықтай автоматтандырылғанын, оған ешкім араласа алмайтынын хабарлады.

ОСК өкілдерінің мәлімдеуінше, дауыс беру мәліметтері оқырмандарға түсінікті болуы үшін кесте түрінде ұсынылады. Осындай кестенің бірін дайындаған маман «АСУ жүйесінен алынған мәліметті қателесіп екіге көбейтіп жіберген», делінген ОСК мәлімдемесінде. Біраз уақыт өткен соң маман түсінікті кестедегі қатені түзеткен.

«АСУ жүйесіндегі мәліметтерде өзгеріс жоқ. Жүйеде ақау болмайды. Бүгін де ол дұрыс жұмыс істеп тұр», — деп хабарлады ОСК.

Еске салайық, 28 қарашада парламент сайлауы аяқталған уақытта — кешкі сағат 20:00 шамасында — сайлау ақпарат жүйесі порталы жұмыс істемей қалды. ОСК төрайымы Нұржан Шайлдабекова оның себебін кестедегі мәліметте қате кетуімен түсіндірген.

Бірақ сайлауға қатысқан бірнеше партия дауыс беру нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеп, сайлау нәтижесін жоюды талап етті. Бірнеше партия ОСК ғимараты алдында митинг өткізді.

Президент Садыр Жапаров «ОСК тарапынан бұрмалау болғаны анықталса, комиссия мүшелерінің бәрі жауапқа тартылатынын» мәлімдеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »