Новости на Newstaraz.

Қырғызстан «жақында» ұлттық валютаны елде басып шығара бастайды

newstaraz.kz

Қырғызстан ұлттық валюта банкноттарын республикада басып шығара бастайды. Президент Садыр Жапаров 9 маусымда сомның айналымға енуіне 30 жыл толуына орай салтанатты кеште осылай деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық валютаны Қырғызстанда басып шығара бастауға қажетті техника сатып алынған. «Біз оны міндетті түрде іске қосамыз» деп мәлімдеді президент.

Оның айтуынша, әлемдегі қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалына қарамастан, Қырғызстанның ұлттық төлем және банк жүйесі тұрақты дамып келе жатыр.

Алайда «қаржы қызметінің сапасын қаржы технологиялары мен әлемдік үдеріске сай арттыру» керек деп есептейді Жапаров.

Жыл басында президент Қырғызстан паспорт пен ұлттық валютаны өзі басып шығаратынын, ол үшін қазынадан кем дегенде 3 млрд сом бөлінетінін мәлімдеген.

Қырғызстан Ұлттық банкі 10 мамырдан бастап сомның 30 жылдығына орай 200, 500 және 1000 сомдардың жаңартан банкноттарын айналымға шығарған.

Қырғызстан ұлттық валютасы 1993 жылғы 10 мамырда айналымға түскен.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »