Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда «Құмтөр ісіне» байланысты экс-шенеуніктер ұсталып жатыр

newstaraz.kz

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті президент аппаратының бұрынғы басшысы Данияр Нарымбаев пен бұрынғы депутат Алмазбек Баатырбековке, экс-президент Алмазбек Атамбаевтың Жогорку Кеңештегі арнайы өкілі Динара Молдошеваға «Құмтөр ісіне» байланысты «Коррупция» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық іс қозғалғандардың бұлтартпау шарасы Бірінші май аудандық сотында қаралып, Данияр Нарымбаев және Алмазбек Баатырбеков тергеу аяқталғанша қамауға алынды. Динара Молдошева отбасы жағдайына байланысты кәмелетке толмаған балалары бары ескеріліп, елден кетпеу жөнінде қолхат алынып босатылды.

Молдошева 27 мамырда президент Садыр Жапаровтың бұйрығымен Зияткерлік меншік және инновациялар бойынша мемлекеттік агенттіктің директоры қызметіне тағайындалған.

Нарымбаев 2011-2012 жылдары президент Алмазбек Атамбаевтың парламенттегі арнайы өкілі болған. 2012-2015 жылдары президент аппаратын басқарған.

Алмазбек Батырбеков Жогорку Кеңештің екі шақырылымының депутаты. 2020 жылы бірінші вице-премьер қызметін атқарған.

Қамаудағы депутаттар Асылбек Жээнбеков пен Исхак Пирматовтың адвокаттары олар 2012 жылы парламентті және салалық комитетті басқарып тұрғанда, сол кезде депутат болған қазіргі президент Садыр Жапаровтың «Құмтөрді мемлекетке қайтару туралы» жобасын қабылдамай қойғаны үшін қамалғанын айтып жатыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »