Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда ұрланған Орхан Инанды Түркия азаматтығынан бас тартуға өтініш берді

newstaraz.kz

16 қыркүйекте Түркия астанасы Анкарада Қырғызстан азаматы, Түркия тумасы Орхан Инандының үстінен қозғалған іс бойынша сот басталды. Түркияның мемлекеттік Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Инанды сот тыңдауларын түрмеден видеоконференция көмегімен тыңдауға шешім қабылдаған.

Сотталушының хабарлауынша, ол қолының сынуына байланысты сотқа дұрыс дайындала алмағанын айтып, қосымша уақыт сұраған. Инандының мәлімдеуінше, Түркиядағы сот оны жауапқа тарта алмайды, өйткені ол Қырғызстан азаматы, бұған қоса ол Түркия азаматтығынан шығу туралы өтініш берген.

Сот Инандыны қамауда қалдырып, соттың келесі отырысын 23 қарашаға белгіледі.

Түркиядағы прокурорлар Инандыны 15-тен 22 жарым жылға дейін түрмеге отырғызуды сұраған. Оған «қарулы террористік ұйымды басқарды» деген айып тағылған.

Орхан Инанды – Түркия тумасы, Қырғызстанға 1995 жылы келген, ал 2012 жылы Қырғызстан азаматтығын алған. Ол халықаралық «Сапат» (бұрынғы «Себат») білім беру мекемесін басқарды. Биыл 1 маусымға қараған түні Инанды із-түссіз жоғалып кетті. Қырғызстан милициясы «кісі ұрлау» қылмысы бойынша іс қозғады. Кейін оны Интерпол желісімен халықаралық іздеу жарияланды.

5 шілдеде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған халыққа үндеуінде түріктің арнайы қызметі Орхан Инандыны елге жеткізгенін хабарлады. Ол күдіктіні «ФЕТО-ның Орталық Азиядағы басқарушысы» деп атады. Содан кейін Бішкек милициясы Инандының Қырғызстан төлқұжатын қалай алғанын тергейтінін мәлімдеді, ал қырғыздың әскери прокуратурасы оны шетелге алып кету ісін тергей бастады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »