Қырғызстанда алғашқы халық құрылтайы 25 қарашада өтеді
Президент Садыр Жапаров Бішкекте 25 қарашада өтетін «Халық құрылтайын шақыру туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік хатшы Суйунбек Касмамбетов ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Комитет құрамына президенттің облыстардағы өкілдері, сарапшылар және бірқатар шенеунік кірді.
2021 жылғы 5 мамырда күшіне енген Конституция жобасында халық құрылтайы туралы ереже бар. Құжатта құрылтай қоғам өкілдері жиыны деп сипатталған. Ол қоғамды дамыту бағыттарына қатысты кеңес береді.
Халық құрылтайы билікке мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатына қатысты ұсыныстар айта алады. Құрылтай мүшелері президент үндеулерін, Жогорку Кенеш төрағасының, сонымен бірге үкімет басшысының есептерін тыңдайды.
2020 жылы халық құрылтайын жақтаушылар оны мемлекет басшысын есебін тыңдайтын, ол қабылданбаған жағдайда президентті қызметтен ала алатын институт ретінде көргісі келді. Алайда халық құрылтайы кеңес беруші орган болып қалды.
newstaraz.kz