Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда белсенділер АЭС салуға қарсы қол жинай бастады

newstaraz.kz

Қырғызстанда экологиялық ұйымдардың мүшелері мен белсенділер өлкеде Атом электр станциясын (АЭС) құруға қарсы қол жинай бастады. Онлайн петицияны 60-тан астам адам қолдады.

Белсенділер АЭС-ке шикізат қайдан келетіні, қалдықтар қайда жиналатыны, залалсыздандыру қалай болатыны, қауіпсіздік мәселесі қалай болатыны жөнінде бірде-бір мәлімет жоқ екенін білдірді.

20 қаңтарда Дубайда өткен ЭКСПО-2020 көрмесі аясында Қырғызстанның энергетика министрлігі Ресейдің «Росатом» корпорациясы мен Қырғызстанда АЭС салу туралы келісімге қол қойылғанын жеткізген. Оған сәйкес, Қырғызстанда RITM-200N реакторлық станция базасында аз қуатты атом электр станциясын құру жоспарланған.

Министрлік 21 қаңтарда мәлімет беріп, заңдар, көп тарапты экспертизалар, экологиялық қауіпсіздік жағдайлар еске алынып ғана АЭС салу шешімі қабылдануы мүмкін екенін хабарлаған.

Climate Action Network атты климат өзгеруіне бағытталған ұйымның Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Ольга Бойко осыған дейін Қазақстанда АЭС салу жобасын сынға алған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »