Қырғызстанда биыл мектептер саны 37-ге көбейген
Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиевтің айтуынша, елінде 245 апатты жағдайдағы мектеп бар. 498 мектеп күрделі жөндеуге мұқтаж.
Сонымен бірге елде мектептердің саны 37-ге көбейіп, 2296-дан 2333-ке жетті.
Биыл бірінші рет әлеуметтік нысандардың басым тізіміне 205 білім беру нысанының құрылысы енді, оның 160-ы мектеп, 35-і балабақша, оны спорт зал. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 128 нысанға көп.
Мектептерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мақсатында Дүниежүзілік банк тарабынан қаржыландырылатын «Болашақ үшін білім беру» жобасы аясында республиканың 1200 мектебіне 25 мың компьютер беріледі.
Биыл бірінші жарты жылдықта мұғалімдердің айлығы 80% көтерілді.
newstaraz.kz