Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда жемқорлығы үшін істі болған шенеунік депутаттыққа кандидат атанды

newstaraz.kz

Қырғызстанда Орталық сайлау комиссиясы Кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Нұрлан Ражабалиевті №2 Баткен сайлау округы бойынша кандидат ретінде тіркеді.

Комиссия шешімі 27 қазанда қабылданған. Бұның алдында Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Нұрлан Ражабалиев жазасын толық өтегенін хабарлаған.

Еске салайық, Бішкек қаласы 1-май аудандық соты биыл 27 қаңтарда шенеунікті жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танып, оған 260 мың сом (шамамен 3 мың доллар) айыппұл салған. Ол тағылған айыптарды мойындап, тергеумен келісім жасаған, мемлекетке 12 млн сом шығын құнын төлеген.

Нұрлан Ражабалиев кеден органдарындағы жемқорлық қылмыстарына қатысты іс бойынша тергелген.

Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау биыл 28 қарашада өтеді. Жаңа парламент 90 депутаттан тұрады. 54 мандатқа саяси партиялар ұсынған үміткерлер, қалған 36 мандатқа бір мандатты сайлау округтері арқылы сайлауға түсетін кандидаттар таласады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »