Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда жоғалған Орхан Инанды іздеуге Интерпол көмектеседі

newstaraz.kz

«Сапат» білім беру мекемесінің президенті, бір аптадан бері жоғалып кеткен Орхан Инанды іздеуге Интерпол көмектеседі. Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрінің орынбасары Нурбек Абдиев Жогорку Кеңеште айтты.

«Инандыға халықаралық іздеу жарияланды. Оны Ресейден, Түркиядан және әлемнің басқа елдерінен іздеу үшін тиісті мәліметтерді жібердік. Ол басқа құжаттарды қолданып, елден шығып кетуі де мүмкін», — деді Абдиев.

Милиция бұл оқиға бойынша «Адам ұрлау» бабымен қылмыстық іс қозғады. Оны іздеу республика бойынша жүріп жатқанын жеткізді.

Бішкекте ондаған адам Инандыны табу талабымен бірнеше күннен бері акцияға шығып жатыр.

Орхан Инандының есігі ашық қалған көлігін 1 маусымда өзі тұратын үйдің маңынан тапқан. Милицияға арызды ұлы жазып, соңғы рет байланысқа 31 мамырда кешкісін шыққанын, содан бері хабарсыз кеткенін жеткізді.

Қырғызстанда 20-дан астам «Сапат» жеке лицейінің, халықаралық «Ала-Тоо» университетінің негізін қалаушылардың бірі Орхан Инанды Түркияда туып-өсіп, Бішкекте жұмыс істеп, кейін Қырғызстан азаматтығын алған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »