Новости на Newstaraz.

Қытай баспасөзі: Тәжікстанда 800 мыңнан астам жесір әйел бар

newstaraz.kz

Қытайдың беделді басылымы Тәжікстандағы жесір әйелдер жайында материал жариялаған. Бұл мақала Эмомали Рахмонның мамыр айында Қытайға сапарынан кейін жарияланған.

Қытайдың Sohu (搜狐网) ақпараттық порталы 25 мамырда Тәжікстанда 800 мыңнан астам жесір бар деген мақала жариялаған. «9 млн халқы бар Тәжікстанда 800 мыңнан астам жесір әйел бар. Олардың күйеулері қайда?» деген мәселе көтерілген.

Мақалада келтірген мәліметке қарағанда, тәуелсіздік алғаннан кейін Тәжікстанда халық саны бірден қысқарған, бірақ жесірлер саны өскен.

Тәжікстанның статистика жөніндегі агенттігінде жесірлер жайында мәлімет жоқ.

Сарапшылар тұрмыс құрмаған әйелдерді жесірлер деп айтуға болмайды дейді. «Тәжікстанда отбасында ер азаматтардың көбі шетелде жұмыс істейді. Олардың көбі айлап, жылдап келмейді. Олар әйелдеріне үнемі ақша жіберіп тұрады. Оларды жесірлер деп айтуға келмейді. Ал мансабы үшін тұрмысқа шықпай жүрген қыздарды да жесірлер деп айтуға болмайды. Сол себептен бұл мақаладағы статистика күмән келтіреді», — дейді Саодат Олимова.

Sohu сонымен бірге СССР құлағаннан кейін Тәжікстанда азаматтық соғыс басталғанын, ер азаматтардың көбі отанын тастап кеткенін жазады. Онда азаматтық соғыс кезінде шамамен 150 мың адам қайтыс болғанын, олардың дені үйленбеген ер азаматтар екені айтылған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »