Новости на Newstaraz.

ҚЫЗЫН ЗОРЛАҒАН ӘКЕ

newstaraz.kz

Туған әкенің қорлығы. Алматыда кәмелет жасына толмаған қызды өз әкесі бірнеше күн зорлаған. Ата-анасы 1 жасар кезінде ажырасып кеткен 15-тегі жасөспірім «асқар тауым ғой «деп іздеп келіп, онымен жақында ғана танысқан екен. Алайда, бұрын сотталған азғын өз перзентінің абыройын айрандай төккен.

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Туған әкенің қорлығы. Алматыда кәмелет жасына толмаған қызды өз әкесі бірнеше күн зорлаған. Ата-анасы 1 жасар кезінде ажырасып кеткен 15-тегі жасөспірім «асқар тауым ғой «деп іздеп келіп, онымен жақында ғана танысқан екен. Алайда, бұрын сотталған азғын өз перзентінің абыройын айрандай төккен.

ТАТЬЯНА КОРОЛЬ, «НеМолчиKz» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: «20 қыркүйекте «НеМолчи» қорының жедел желісіне кәмелет жасына толмаған қыз телефон шалып, зорланғаны туралы хабарлаған. Оны қорлаған туған әкесі екен. Қаскөй оны 16 қыркүйектен 19-на дейін зорлапты. 19 күні қыз зорланған сәтін диктофонға жазып алыпты».

Осы уақытқа дейін жасөспірім анасымен Алматы облысында тұрып келген. Биыл Алматыдағы колледждердің біріне оқуға түсіпті. Тұратын жері болмағандықтан, анасы оны туған әкесінің үйіне жіберіпті. Ал ер адам болса 2008 жылы кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін 10 жылға сотталып, 4 жыл бұрын түрмеден шыққан екен. Тергеу барысында жасөспірім біраз сұмдықтың бетін ашқан. Оған алғаш 5 жасында өгей әкесі сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетіті. Ал 9 жасынан бастап тағы бір өгей әкесі зорлаған. Бұл жайлы анасы мен жақындары білсе де, жұмған ауыздарын ашпапты. Қазір жәбірленуші әлеуметтік бейімдеу орталығында. Анасына баруға үзілді-кесілді қарсы. Ал қызын зорлаған 51 жастағы ер адам ұсталып, тергеу жүруде.

ДӘУЛЕТ ЕСМЫРЗАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: «Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Күдікті ұсталды. Сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады».

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »