Новости на Newstaraz.

Үндістандағы жиында Блинкен мен Лавров он минут сөйлесті

newstaraz.kz

Үндістанда өткен «Үлкен жиырмалық» (G20) елдері сыртқы істер министрлері кездесуі аясында АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қысқа әңгімелесті.

Ресей Украинаға басып кіргелі екі елдің сыртқы істер мекемелерінің басшылары алғаш жүздесіп отыр.

Кездесу он минут қана болған. АҚШ мемлекеттік департаментіндегі дереккөзге сілтеген Reuters және New York Times осылай хабарлады. Кездесу болатыны жайлы күні бұрын айтылмаған.

АҚШ өкілінің айтуынша, кездесуде Блинкен үш мәселені сөз еткен: ол АҚШ Украинаны қолдай беретінін айтқан және Ресейді стратегиялық шабуылдаушы қаруларды шектеу келісімін сақтауға шақырған және Ресей колониясында жатқан америкалық Пол Уиланды босатуды өтінген.

Лавров не айтқаны туралы ақпарат жоқ. Ресей министрінің өзі бұл жайында ештеңе айтпады. Елдің сыртқы істер министрлігі тек қысқа ғана кездесу болғанын растады.

Ресей мен Қытай Украинадағы соғысқа қатысты сөйлемдерімен келіспегендіктен, G20 кездесуіне қатысушылар бірлескен коммюнике қабылдамады. Тек төраға – Үндістан атынан қорытынды мәлімдеме жарияланды. Онда негізінен эконмикалық мәселелер, соның ішінде Украинадан астық экспорттауды көздейтін астық келісімінің маңызы туралы айтылады. Сонымен бірге Үндістан экономикасы ең ірі мемлекеттердің басын қосатын G20 мүшелерінің басым бөлігі соғысты айыптағанын атап өтті.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »