Новости на Newstaraz.

Үндістандық инвестор Ташкент басшысын айыптады

newstaraz.kz

Minerva city, Lake city және басқа да жобаларды жүзеге асыратын үнді кәсіпкері Мурари Лал Джалан Ташкент басшысы Жахонгир Артықхожаевты бопсалады деп айыптады. Қала басшылығы мемлекет қызметкерінің атына кір келтірді деп мәлімдеп, Бас прокуратураға шағымданатынын хабарлады.

Minerva World of Knowledge компаниясының құрылтайшысы, үнді кәсіпкері Мурари Лал Джалан Kun.uz басылымына берген сұқбатында Ташкент басшысы Жахонгир Артықхожаевты бопсалады деп айыптады.

Басылым мәліметінше, 2018 жылғы 28 қыркүйекте инвестор жобаларын жүзеге асыратын MJ Developers компаниясы Өзбекстан үкіметімен 100 млн доллардың (бұның алдында $500 млн деп хабарланған) келісіміне отырып, төрт ірі жобасына инвестиция сала бастаған.

Мурари Лал Джалан Ташкенттегі «Бахт» көліндегі Lake сity кешені мен Minerva city кешеніне 34 млн доллар салғанын айтты.

«Бірнеше ай өтті, бірақ біз содан бері Minerva city мен Lake city жобаларының толық бас жоспарын әлі алған жоқпыз. Мен Ташкент қаласының басшысымен кездестіруді сұрадым, бірақ ұсынысым қабылданбады. Содан кейін құрылысшылардың жұмысына прокуратура, экология, өрт қауіпсіздігі сынды мемлекеттік органдардың қызметкерлері араласа бастады», — дейді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, «қала билігінің кеңесімен» құрылыс компаниялары үнді инвесторының компанияларымен келісім-шартқа отырудан бас тартып жатыр.

2021 жылғы наурызда Жахонгир Артықхожаев оны әкімдікке шақырып, сол жерде бопсалады, дейді инвестор.

«Маған екі жол ұсынды: не жобалардың бірін, мәселен Бектемір ауданындағы Lake city кешенін салудан ресми түрде бас тартуым керек, не банкке депозит ретінде 100 млн доллар аударуым керек. Келісім-шарттан тыс ешкім жаңа талап қоя алмайтынын, кәсіпкер ретінде маған бәз біреудің қажеттілігі үшін жеті жыл бойы жаратылатын ақшаны алдын ала аудару қиын екенін түсіндірдім», — деген үнді инвесторы.

Кәсіпкердің мәлімдеуінше, Ташкент басшысы «талаптардың бірі өз еркімен орындалмаса, Minerva сity және басқа да жобаларды тартып алам, сосын Өзбекстанда жұмыс істеу қиынға соғады» деп қорқытқан-мыс.

«Келісім-шартқа қол қойған кезде ол ереже мен міндеттердің бәрі орындалады деп уәде берген, бірақ қазір әкім бұл елде келісім-шарттың ешқандай құны жоқ дегенді айтып отыр», — деп мәлімдеді инвестор.

Ташкент әкімшілігінің баспасөз қызметі үнді кәсіпкерінің осы сұқбатына қатысты мәлімдеме таратты. «Minerva компаниясының өкілі Мурари Лал Ждаланның Kun.uz редакция дайындап, таратқан сұқбатындағы Ташкент әкіміне қатысты айтқандарына құқықтық бағасы шықпайынша, біз оны мемлекет қызметкерінің атына кір келтіру деп есептейміз».

«Мурари Лал Джалан мәлімдемелерінің өтірік-расын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін Өзбекстан Бас прокуратурасына шағым жолданады», — деп жазылған Ташкент қаласы баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »