Новости на Newstaraz.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘКІМДЕР

newstaraz.kz

Сегіз ай бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге әлеуметтік желіге тіркеліңдер, халыққа жақын болыңдар деп пәрмен беріп еді. Іле-шала шенеунітердің жаппай жеке парақша ашқаны да есімізде. Сол сәтте жалпақ жұрт облыстарды, ірі қалаларды одан қалды аудандарды кім басқарып отырғанын біліп, көріп қалып еді. Бірақ, содан бері шенеуніктердің бірі белсенді болып подписчик жинап алса, екіншілері тіптен желіден көрінбей кеткенге ұқсайды. Бұл не? Кезекті сәтсіз науқан ба, көзбояушылық па, әлде әкімдер президенттің сөзін елемеді ме? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Важно активно работать в социальных сетях: создавать группы в мессенджерах, доступно разъяснять проводимую политику, модерировать и управлять ситуацией. Обратная связь с населением налажена не везде». Президент айтты, бітті! Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіден қашпаңдар дегені сол екен, өңір басшылары шетінен қосылып жатты. Естеріңізде болар, бірінен соң бірі «офишл,офишл» деп су жаңа парақшаларын жарқыратты. Алайда, одан бері қоғамның да көңілі басқаға ауды, мемлекет басшысы да әкімдерге өзге тапсырмалар берді. Қысқасы, науқан өтіп кетті ме кім білсін, кейбір әкімдердің аты жөнін мемлекеттік тілде теріп, іздеп көріп едік, таппадық. Желі деген қызық қой, соның қызығына Шымкент шаһарының әкімі әбден батқандай. Ерлан Айтахановтың өзі ме әлде оны пір тұтатын фанаттары ма белгісіз, әйтеу инстаграмда үш бірдей парақшасы бар екен. Бірінде ақыл, нақыл сөздер топтамасы, қалған екеуі бардым, көрдім, кездестім деген сарындағы суреттерге толы. Әңгіме қызза түсін деп Алматы мен елорданың басшылары не істеп жүргенін көрейік деп шештік. Сағынтаев мырза Алматыда Медеу ауданының мәселесін шешіп жүрсе, Алтай Көлгінов өзіне дейін біраз басшыға таяқ жегізген қармен алысып жүр екен. Әкімдерге жалпы осы әлеуметтік желі керек пе деген сауалды мәжіліс депутатына қойдық. КӘРІБАЙ МҰСЫРМАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Өзі ынталу керек әкімнің. Әрине бәріне бірдей қолы тие бермейді. Баспасөз қызметі бар, басқа да құрылымдық бөлімдер бар. Мүмкіндікті пайдалану керек. Халықпен қарым қатынасты жетілдіру керек қалайда».

Желі деген ұстараның жүзіндей дүние. Екі тексеріп барып салмасаң басың бәлеге қалып, бірақ күнде хит боласың. Ғабидолла Әбдірахымовтың Лондоннан жолдаған сәлемі соған куә. Сол оқиға сеп болды ма екен, ат үстінде жүрген азаматтардың жап жақсы артып келе жатқан белсенділігі төмендеп кетті. Кезінде мемлекеттік қызмет істері агенттігін басқарған Әлихан Бәйменовпен сұхбаттасқан едік. Тәжірибелі шенеунік өз парақшасын өзі жүргізетінін айтып, интернет арқылы шабуылдың болатынын да атап өтті. ӘЛИХАН БӘЙМЕНОВ, АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ХАБЫ БАСҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Кейде жауап беремін. Қажет деп тапсам, терең болса.Ал егер жәй өткінші дүние болса оған уақыт жұмсағым келмейді. Екіншіден, сонау 2005 жылдардан бастап белгілі қаржылық топпен БАҚ-қа ықпалы бар адамдар маған қарсы қаралау жұмысын бастаған. Солардың шәкірттері, күшіктері әлі де бар. Кейде олар маған арнайы жазатынын білемін. Мені түртіп, дау дамайға араластыру үшін. Мен оларға жауап бермеймін. Олардың қайдан шығып тұрғанын білемін». Саясаттанушы Самат Нұртаза болса әлеуметік желі әлеуметтік мәселелерді шешуге көп пайдасын тигізе алады дейді. Тек әкімдер оны тиімді пайдала алса болғаны. Жылына бір өтетін халықпен кездесу ескі формат. Ал жаңасы жаңағы желі. САМАТ НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ: «Билік әлеуметтік желіге жүгінуі керек. Сонда әлеуметтік желі арқылы шындықты біле алады. Себебі, әкім болсын оның орынбасары болсын Нұр-Сұлтан шаһарына, Ақ ордаға өзіне тиімді, өзіне ыңғайлы ақпаратты жіберуге олар мүдделі. Ал қарапайым халық наубайхана болсын, балабақша салынбаса, мектепті құрылысы аяқталмаса оның барлығын қарапайым халық біліп отырады». Осыған дейін үлкен мінберлерде әкімдердің рейтингін өздері басқарып отырған өңірдегі халық арасында сауалнама жүргізу арқылы анықтау керек деп айтылған еді. Саясаттанушылар бастаған бір топ бұл идеяны қолдап отыр. Ашықтық, кері байланыс бар жерде ғана істің алға басатыны есепке алса бұл пікір негізсіз емес.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »