Новости на Newstaraz.

Әлішер Османов Ресей кәсіпкерлері одағынан шығу жөнінде өтініш жазды

newstaraz.kz

Forbes мәліметінше Ресейдегі ең бай адамдардың бірі, кәсіпкер Әлішер Османов Ресей кәсіпкерлері одағы Басқару бюросынан шығаруды сұрап, зейнетке шығуына байланысты белсенді қызметтен кететінін мәлімдеді.

Бұл туралы РБК Ресей кәсіпкерлер одағына қатысы бар дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Османов қолы қойылған арыз көшірмесін BRIEF телеграм-арнасы жариялады. РБК дереккөзі миллиардердің шынымен осындай өтініш бергенін растады. Тағы бір дереккөздің айтуынша, оның арызы 25 қаңтарда қаралады. Османов пен оның өкілдері әзірге бұл туралы ешқандай мәлімет таратпады. Миллиардердің белсенді қызметтен кетуі нақты нені білдіретіні арызда айтылмаған.

Әлішер Османов – USM тобының негізін қалаушы және ірі акционері (49%). Бұл топқа «Металлоинвест», «Удоканская медь» және «МегаФон» кіреді. Османовқа «Коммерсантъ» баспа үйі де тиесілі. Бұның алдында ол VK («ВКонтакте» әлеуметтік желісі) мен «Арсенал» британ футбол клубы қожайындарының бірі болған, 2022 жылғы наурызға дейін Халықаралық семсерлесу федерациясын басқарған.

АҚШ, ЕО елдері мен Ұлыбритания былтыр Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Османовқа қарсы санкцилар салды. Батыс елдері оны Кремльге жақын олигарх деп санайды. Османовтың өзі соғысқа қатысты ұстанымын жариялаған жоқ, бірақ Еуроодақ санкцияларының үстінен сотқа шағымданды. Миллиардердің ЕО мен Ұлыбританиядағы жылжымайтын мүлкі, сонымен бірге Dilbar яхтасы бұғатталды.

Алексей Навальный пен оның жақтастары Османовты жемқорлық қылмыстары үшін айыптаған. «Он вам не Димон» деп аталатын зерттеуде Османов Ресейдің бұрынғы үкімет басшысы Дмитрий Медведевке пара бергені туралы айтылған. Османов бұны жоққа шығарған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »