Новости на Newstaraz.

ӨСКЕМЕН ТҰРҒЫНДАРЫ ТҮТІНГЕ ТҰНШЫҒУДА

newstaraz.kz

«Таза ауа керек!». Өскемендік баланың шарасыздықтан жолдаған бейнеүндеуі кешелі — бері әлеуметтік желілерде қазақстандық арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Түтінге тұншыққан қаланы көрсеткен жасөспірім, тұрғындардың денсаулығына қатты алаңдайтынын жеткізген. Оқушының сөзі өтірік емес! Кешелі-бері Өскеменде оннан астам адамның денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түскен. Бұған шаһардың климаттық жағдайы себеп. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Терезелеріңізді жауып, үйден шықпаңыздар!». Өскемендіктердің қалта телефондарында осындай хабарлама тараған. Әлеуметтік желідегі ақпаратты тарқатып айтсақ, Үлбі металлургиялық зауытында апат болып, бірнеше қызметкер уланыпты. Дегенмен, сыбысты зауыттағылар тек жартылай растап отыр.

СЕРГЕЙ БЕЖЕЦКИЙ, «ҮЛБІ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ» БАСҚАРУШЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«12 адам зардап шегіп, 1-ші қалалық ауруханаға жіберілген болатын. Дәрігерлерге жүгінгендердің барлығы жағдайы қалыпты. Тексеріс жүргізу үшін 2-3 күн керек».

Зауыттағылар ешқандай апаттың болмағанын айтады. Алайда, жұмысшылардың неден уланғанын білмейді. Оны дәрігерлер анықтап жатыр. Бірақ, мына мектеп оқушысының бейнежазбасынан кейін оннан аса адамға неліктен медициналық көмек керек болғанын түсіну қиын емес. Бұл қазіргі Өскемен ауасының қалпы.

AITQAZY, INSTAGRAM
«Мы сегодня пришли подышать свежим воздухом, мы пришли вон оттуда с Куленовки в городе Усть-Каменогорск. В Усть-Каменогорске смотрите как всё газом заполнено.»

Қалада газ бен ыс-түтіннен дем алу қиын екенінен көбі хабардар. Бірақ, экологиялық апаттың ауқымдылығын өскемендіктер баланың бейнежазбасынан кейін байқауда. Жағдайдың айтарлыққа тұрарлығын білсе де зауыт басшыларын тек жаңа экокодекспен қорқытып жүрген жауапты министрлік те мәлімдеме жасады.

«Бізге бұл қаладағы экологиялық жағдайдың аса мәз еместігі туралы белгілі екенін атап өткім келеді. Ол ең алдымен, ірі өнеркәсіп өндірісінің болуына, газбен ластануға байланысты. Министрлік өнеркәсіп кәсіпорны тарапынан шығарындыларды азайту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Ал жаңа Экологиялық кодекс қабылданған соң, барлық компаниялар қоршаған ортаға зардапты азайту үшін өз өндірісінде ең озық қолжетімді технологияларды орнатуға міндетті».

САМАЛ ИБРАЕВА, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ, ФЕЙСБУК ПАРАҚШЫСЫНАН

Экологтар да қала аспанын торлаған түтіннің қауіпті екенін айтады. Ауа сапасын бақылайтын мониторинг жүйесі далада күкірт диоксиды және азот диоксидінің шамадан тыс тарғанын тіркеген.

ЕЛЕНА ПОЛНЦЕВА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
«Қала еңісті жерде тұр. Сондықтан түрлі түтін мен ыс жиналады. Басқа ірі қалаларда осындай жағдай тіркелсе, жергілікті билік шара қолданады. Мысалы, көлік қозғалысы тоқтайды, адамдарға кислород коктейлдер тегін таратылады».

Теміртаулықтар да көк түтінге тұншығуда. Қаланы басқан қара түтін алыстан көрінеді. Өткен жылы Қарағанды облысына қарасты қалада 400-ден аса адамнан обыр дерті табылған. Тұрғындар Өскемендегідей дем алудың өзі қиындағынын айтады.

«Дышится хуже. Смог видели. Особенно безветренную погоду дышать невозможно».
«Лично мое мнение хуже. Экология у нас в очень ужасном сосотоянии. Вот даже здесь можно посмотреть».

Мамандар бұл мәселеде, бастысы, шет қалмай, айта беру керек, дейді.

АЙГҮЛ МАЛИКОВА, ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МУЗЕЙ ДИРЕКТОРЫ:
«Қоғам ауа ластануын тоқтаусыз айта беру керек. Ешкім осы мәселеге мән бергісі келмейді. Қара қарды көрген кезде ғана, естерінен түсіреді апатты. Сосын айыппұл көлемі арту керек. Өте ауқымды сома айыппұл салдырған жөн».

Депутат Нұрлан Әлімжанов Елбасы рөлін сомдауға дайындалғанда Теміртауда жарты жыл тұрыпты. Ол азаматтардың «металл жұтып» жүргенін жасырмаймын, дейді.

НҰРЛАН ӘЛІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Халық, шынымен, металл жұтып жүр. Бұл экологтарға қатысты мәселе ғой. Министр экологии, үкімет басшылықтары, тікелей сол саланың мамандары жауап беруі керек деп ойлаймын».

Ал, әзірге монополист әрі ірі кәсіпорындардың экологияға келітірген залалын жауапты шенеуніктер тоқтатуға қауқарсыз. Өскемен, Теміртау сынды қалалардың тұрғындары әр күні тым болмаса секундына 3 метр жылдамдықпен желдің соғуын тілейді. Өйткені, аспандағы түтін-газ-ысты желден басқа ешкімнің алып кетуге күшін жетпейді.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »