Новости на Newstaraz.

Өзбек ғалымдары коронавирусқа қарсы бірнеше вакцина дайындап жатыр

newstaraz.kz

Өзбек ғалымдары коронавирусқа қарсы бірнеше вакцина әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде Өзбекстанның инновациялық даму министрі Ибрагим Әбдірахманов хабарлады.

Министр Өзбекстанда коронавирусқа қарсы нақты қанша вакцина жасалып жатқанын айтпады.

Жарты жыл бұрын инновациялық даму министрлігі өзбек ғалымдары екі вакцина әзірлеп жатыр деп мәлімдеген.

Министр Әбдірахмановтың айтуынша, қазір елде ZF-UZ-VAC 2001 өзбек-қытай вакцинасы мен ресейлік Спутник V вакцинасы шығарылады, енді төл вакцина дайындау ісі қолға алынған.

«Ғалымдарымыз Ресейдегі әріптестермен ғана емес, әлемнің басқа да елдеріндегі ғалымдармен тығыз байланыс орнатқан. Олар коронавирусқа қарсы бірнеше вакцина дайындап жатыр», — деді министр.

Бұған дейін хабарланғандай, Jurabek Laboratories бірлескен кәсіпорыны ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының 1 458 820 дозасын өндірген. Препарат Өзбекстанның ішкі нарығына қазанда түседі деп хабарланған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »