Өзбек имамдары шетел сериалдарына тыйым салуды ұсынды
Ташкенттегі Юнусабад ауданындағы мешіттердің имамдары «жергілікті менталитетке сай емес» сериалдар мен фильмдердің телеарналарда көрсетілуіне тыйым салуды сұрады.
Бұл туралы Юнусабад ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан басшысы Жахонгир Ибрагимовпен кездескен имамдар осындай ұсыныс айтқан. Жиналыс ажырасу мәселесіне арналған.
Өзбекстанның статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша, былтыр астанада 3 899 жұп ажырасқан.
Айта кетерлік жайт, Өзбекстанда шетел сериалдарын көрсетуге тыйым салу туралы ұсыныс бұған дейін айтылған.
«Әйелдер мен қыздар түрік сериалдарындағы сұлу жігіттерге ынтық. Әлеуметтік желілерде қыздар түсінде түрік әртісін көргені туралы жазады. Тұрмыстағы әйелдер түрік әртістерінің суреттерін ұстап жүреді.
Мұндай жағдайда не болады? «Көгілдір» балалар дүниеге келеді. Өйткені күйеуімен төсекте болғанда әйелдер басқа бір жігіт туралы ойлайды. Соның салдарынан лесби қыздар пайда болады», — деді 2018 жылғы 2 наурызда өткен жұма намазда «Мирза Юсуф» мешітінің имам-хатибі Рахматуллох Сайфутдинов.
newstaraz.kz