Новости на Newstaraz.

Өзбекстан Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылды айыптады

newstaraz.kz

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылды айыптайтынын мәлімдеді.

«Қаза тапқандардың туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз. Жараланғандарға тез сауығып кетуін тілейміз. Бұл шабуыл жіті тергеліп, кінәлілер жауапқа тартылады деп үміттенеміз», — делінген мәлімдемеде.

27 қаңтарда қару ұстаған ер адам елшіліктің күзет бекетін атқылап, соның салдарынан қауіпсіздік қызметінің бастығы қаза болған, екі күзетші жараланған.

Tasnim агенттігінің жазуынша, қару ұстаған ер адам елшілікке екі баласымен кірген. Ұсталғаннан кейін шабуылдаушы атқылауға «жеке және отбасы мәселелері түрткі болғанын» айтқан.

Әзебайжан президенті Ильхам Әлиев қарулы шабуылды теракт деп атаған. Оқиғаға байланысты Тегеранда тергеу жүргізіліп жатыр.

Әзербайжан 29 қаңтарда Ирандағы елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялайды. Бұл жөнінде Әзербайжан сыртқы істер министрлігіне сүйенген Reuters агенттігі хабарлады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі шабуылды айыптап, Әзербайжан халқына және қаза болған елшілік қызметкерінің отбасына көңіл айтқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »