Новости на Newstaraz.

Өзбекстан Мазари-Шариф әуежайын қалпына келтіру үшін Ауғанстанға мамандарын жіберді

newstaraz.kz

Өзбекстан Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласына мамандарын жіберді. Олар әуежайдағы жабдықтарды жөндеуге көмектесуі тиіс.

Өзбекстанның Ауғанстан бойынша арнайы уәкілі Исматулла Иргашев 17 желтоқсанда техник мамандар келесі жылдың басында жұмысты аяқтайтынын хабарлады.

Сарапшылардың айтуынша, Өзбекстанның көрші мемлекетке әуежайды қалпына келтіруге көмектесуі Ташкенттің тәліптермен ынтымақтастық орнатуға тырысуынан хабар береді.

Биыл көктемде АҚШ бастаған халықаралық коалиция әскерін Ауғанстаннан әкете бастағаннан кейін тәліптер шабуылды үдетіп, тамыз айында үкіметті басып алған. Содан бері «Талибан» халықаралық қауымдастықтың өзін мойындауына күш салып келеді.

Бірқатар көрші мемлекеттер ынтымақтастық орнатуға ниет танытқанмен әзірге бірде-бір мемлекет «Талибан» үкіметін мойындаған жоқ.

Бұған дейін Өзбекстан БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы мен өзге де ұйымдарға Сурхандария облысының орталығы Термез қаласында гуманитарлық хаб ұйымдастыруға көмектескен. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігі Термездегі логистикалық орталыққа 100 тонна ұн жіберген.

Осыған дейін БҰҰ Ауғанстан гуманитарлық апат алдында тұр деп дабыл қаққан. Халықтың жартысынан астамына аштық қаупі төнген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »