Новости на Newstaraz.

Өзбекстан мен Қырғызстан шекараны демаркациялай бастады

newstaraz.kz

Қырғыз-өзбек шекарасын демаркациялау жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы 5-7 мамыр аралығында Бішкекте өтті.

Былтыр наурызда Өзбекстанға сапарлап барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көрші елмен шекара мәселесін үш айда шешуге келіскенін мәлімдеген.

Бірақ бұл мәселені шешу тағы бірнеше жылға созылатыны белгілі болып қалды. Өйткені көрші елдер арасында даулы жерлер бар.

Қырғызстан үкіметінің шекара мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Нәзірбек Борубаевтың хабарлауынша, 5-7 мамырдағы келіссөздерде Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны демаркациялауды бастау жөнінде келісім жасалған.

«Нобайы айқындалған шекараны демаркациялау жөніндегі алғашқы келіссөз. Біз өзбек жағымен ортақ келісім жасадық. Жазда шекара сызығын белгілей бастаймыз. Аумағы анықталған облыстар шегі белгіленеді. Басқа да облыстар бойынша келіссөздер өтеді», — деді Борубаев.

Оның айтуынша, келесі кездесу Өзбекстанда ұйымдастырылады.

Қырғызстан мен Өзбекстанның ортақ шекарасы 1378 шақырымға созылып жатыр, 2017 жылға дейін соның 1170 шақырымының немесе 85 пайызының мәртебесі анықталған. Шекараның 13 пайызы нақтыланбаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »