Новости на Newstaraz.

Өзбекстан ОСК: Шавкат Мирзияев 87.05% дауыспен жеті жылға сайланды

newstaraz.kz

Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзияев мерзімінен бұрын президент сайлауында айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, жеті жылға сайланды.

Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінше, 9 шілдеде өткен сайлауда ол 87,05 пайыз дауыс жинады. Көбі саяси науқанда бәсеке болмағанын айтады.

Сайлау өтті деп таныған ОСК сағат 17:00-де сайлаушылардың шамамен 70 пайызы, яғни 19,27 миллион сайлаушының 14 миллионға жуығы дауыс бергенін хабарлаған.

Президенттікке кандидат ретінде қазіргі іс басындағы президент Шавкат Мирзияев пен шартты оппозициялық үш партиядан үш кандидат ұсынылған.

Өзбекстан әділет министрлігі оппозиционер Хидирназар Аллақұловты сайлауға қатыстырмады, «Хакикат ва Тараккиет» («Ақиқат пен өркендеу») социал-демократиялық партиясын тіркеуден бас тартты.

Биыл 30 сәуірде Өзбестан конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген соң мерзімінен бұрын президент сайлауы өтетіні хабарланған. Бұл конституция бойынша, президент өкілеті бұрынғыдай бес жыл емес, жеті жыл болады.

Сондықтан 2016 жылдан бері Өзбекстан президенті болып келе жатқан Шавкат Мирзияевтің бұрынғы мерзімдері жоққа шығарылып, оған қайтадан екі мерзім президенттікке түсуге (2037 жылға дейін) құқық беріледі. Жаңа конституцияда президент өкілеті күшейген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »