Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда құрылыс министрінің туыстарына тиесілі делінген компания жұмысшылары еңбек шарттарына наразылық білдірді

newstaraz.kz

Өзбекстанда елдің құрылыс министрі Батыр Закировтің туыстарына тиесілі «Трест-12» атты құрылыс компаниясының жұмысшылары еңбек құқықтарының бұзылып жатқанын айтып наразылық білдірді.

Олар демалыссыз тәулігіне 12 сағаттан жұмыс істейтінін, бұл Еңбек кодексіне қайшы келетінін айтады.

«Ұйыммен жасалған еңбек келісінде жұмысшылар бес күн, тәулігіне сегіз сағаттан істейтіні және айлығы сол график негізінде есептелетіні жазылған. Бірақ біз немістердің концлагеріндегідей демалыссыз, 12 сағаттан істейміз. Бұл үшін қосымша ақы төленбейді. Мұны айтсақ, «істегілерің келмесе кете беріңдер, басқаларды жұмысқа аламыз» деп жауап береді. Біз кете алмаймыз, баратын басқа жұмыс жоқ, шекаралар да жабық», — дейді жұмысшылардың бірі.

Оның сөзінше, сегіз сағаттық жұмыс істеу тәртібі сақталмағандықтан, өткен аптада 43 жастағы Рахматилла Жалилов атты жұмысшы лифттің шахтасына құлап, ауруханада өзіне келместен көз жұмған.

Жұмысшының өлімі туралы мәліметті бригада басшыларының бірі растады.

Сәуір айының ортасында жергілікті басылымдар Өзбекстанның құрылыс министрі Батыр Заировтің жақын туыстарына тиесілі «Трест-12» компаниясының тендерге қатыспастан ірі құрылыс нысандарын салуға ие болғанын жазған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »