Өзбекстанда азаматтық алу процесі жеңілдетілді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев азаматтық алуды жеңілдету жөніндегі заңға қол қойды.
Оған сәйкес, Өзбекстанда тұрған жері бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеуде тұрып, өлкеде 15 жылдан бері тұрақты тұрып келе жатқан және басқа елдің азаматтарына өзбек азаматтығы беріледі.
Бұдан бөлек Өзбекстан азаматтығын ата-анасының бірі өзбек азаматы болған балалар ала алады.
Өзбекстан азаматтығын алғандарға идентификациялық карта және биометрикалық төлқұжат беріледі.
Ақпаратқа қарағанда, заң күшіне енгеннен кейін 20 мың адам Өзбекстан азаматтағын алу құқығына ие болады.
newstaraz.kz